Джулиан Ассанж тележүргізуші болатын болды
Қаңтар 24, 2012 | by admin | Жаңалықтар
Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж өзін тележүргізуші ретінде сынап көрмек. Бағдарлама тақырыбында халықаралық қоғамдастықтың болашағы сөз болады.
Саясаткерлер, ойшылдар және атақты қоғамдық қызметкерлер хабар қонақтары ретінде шақырылады. 30 минуттық бағдарламаны 600 млн. адам көре алады.
Ал келесі аптада Ұлыбританияның Жоғарғы Соты Ассанждің соңғы аппеляциясын қарастырады. Британияның Әділет министрлігі Ассанжді Швецияға беруді шешкен. Ол Швецияда екі әйелді зорлағаны үшін айыпталуда.
Ал Ассанждің ойынша, оған қарсы іс қолдан жасалған. Оның сендіруінше, егер оны Швецияға экстрадицияласа, олар оны АҚШ-қа беруі мүмкін. Ол елде оның өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылуда.
Дереккөз: 1tv.kz






