30-шы қаңтарда Обамаға сұрақ қой
Қаңтар 25, 2012 | by admin | Жаңалықтар
Google+ жүйесіне жаңадан қосылған Ақ үй өкілі іле-шала Google-да АҚШ президенті Обаманың қаңтардың 30-ы күні Google+ және YouTube желілерінде қалың ғаламтор қолданушылары сұрақтарына тікелей жауап беретіндігін мәлімдеген. Сіз де өз сұрағыңызды Google қолданушыларына жолдап, ең көп дауыс берілген сұрақтардың Обамаға жетуіне атсалыса аласыз. Сіз бәлкім Google жағынан өз сауалыңызды тікелей қою мүмкіндігіне ие болуыңыз да ғажап емес. Дәл 30-шы қаңтар күні Google+ жүйесінің Hangouts қызметін пайдалана отырып, сіз президент Обамамен онлайнда жүзбе-жүз дидарласу мүмкіндігіне қол жеткізе аласыз.
Аталған оқиға Google+ жүйесінің танымалдылығын арттырып, әйгілену салыстырмасын жоғарлатады деп күтілуде.






