BlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу басталды

Ақпан 8, 2012 | by  | Жаңалықтар

2012 жылдың 22-24-наурыз аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінде өтетін BlogCamp 2012: Блог құрылтайға тіркелу рәсімі басталды. Блог Құрылтайдың ресми сайтындағы ұсынылған тіркелу бөлімінен өз өтінішіңіз бен презентацияңыздың тақырыбын және т.б сұрақтарға жауап беру арқылы тіркеле аласыз. Тіркелу уақыты 20-ақпанға дейін.    Қазірге дейін 46 адам тіркеліп үлгерген. Блогер, биылғы Блог құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Талғат Байназаровтың айтуынша аталған шараға қатысушылар көлемі 120 адам айналасында болады деп жоспарлануда екен. Шараның мақсаты қазақ тілді интернет контентінің сапасын арттыру дейді ұйымдастырушы блогерлер. Қатысушылар әр сала өкілдері болмақ, арасында програмистер, сайт жасаушылар, мұғалімдер, студенттер, журналистер де бар.


Әлеуметтік желілерге хабарла

2 Пікір

  1. Aizhan says:

    блог курылтайымен танысуга асыкпын!

  2. Aizhan says:

    блог курылтайына каттысуга руксатпа!

Жауап жазу

wordpress themes