Қазақстанда жаңа домендік аймақ пайда болды

Ғаламтор әкімшілігімен айналысатын ICANN корпорациясы елімізге жаңа кириллицалық ұлттық «.каз» домендік аймағын енгізу құқығын берді. Бұл туралы Ғаламтор желісінің ұлттық домен үйлестіру орталығы хабарлайды.

Қазақстандық домен  ресейлік «.рф» және сербиялық «.срб» домендерінен кейін 3-ші кириллицалық аймақ болып отыр. Доменге әкімшілік ету құқығын  ICANN корпорациясы Қазақстан IT-компаниялар қауымдастығына тапсырды. Аталған ұйым әзірге жаңа аймақта есімдерді  тіркеу ережелерін жариялаған жоқ. ICANN былтыр қыркүйек айында  «.каз» доменін құруға келісім берген.

Үйлестіру орталығының мәліметінше, әлемдегі қазақтілді адамдардың саны 10 миллионға жуық. Ал Қазақстанда  4,3 миллион адам ғаламторды пайдаланады.

Қазіргі уақытта ICANN корпорациясы 30-ға жуық елдің ұлттық тілдердегі домендерін құрды. Мұндай домендерде көбіне араб жазбасы, кириллица, қытай және тамиль жазуы қолданылады.

Дереккөз: 1tv.kz


Әлеуметтік желілерге хабарла

Жауап жазу

wordpress themes