Ақпан айында тіркелген блогтарға шағын шолу

“Қазжур” блог жүйесіне ақпан айында тіркелген блогтарға шағын шолу жасауды жөн санадық. Айдың 16-сы күніне дейін 30 блог тіркеліп, оның біразы қызу талқы мен пікірталастар ортасына айналғанына куә болдық.

  1. (2012/02/06) http://shygystarlandary.kazjur.kz - ”ШЫҒЫС ТАРЛАНДАРЫ”. ШҚО жас ақындарының шығармашылығын оқырманға таныстыру мақсатында өз жұмысын бастаған. Блогтан жас өнер иелерінің поэзиялық туындыларын оқи аласыздар.
  2. (2012/02/14) http://zhania.kazjur.kz – “Жас зерттеуші”. Профессор Қайыржан Бекхожин атындағы “Жас зерттеушілер” ғылыми-зерттеу ұйымының блогы. Блогқа ғылыми-зерттеу ұйымының фотогалериясы, ұйым мүшелері, мақалаларымен алдағы уақытта таныса аламыз деген үміт бар.
  3. (2012/02/14) http://asyl.kazjur.kz/ – “Нақыл сөздер”. Абайдың қара сөздерімен жазбаларын бастаған “Нақыл сөздер”-дің қоржыны тоқ боларына сеніміміз кәміл.
  4. (2012/02/15) http://armanimnynaktany.kazjur.kz/ – “Арманымның ақ таңы”. “Журналист боламын деп алып арманымды алға қарай жетелеп келемін” деп ағынан ақтарылған блогтан Жұлдыздың жазбаларын күтеміз.
  5. (2012/02/13) http://anara.kazjur.kz/ – “Ақжелкен”. Анар Бауыржанқызы өзін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің 2-курс студентімін деп таныстырыпты. Болашақ журналисттен өз оқырмандарына әрқашан тың тақырыпқа қалам тартылған жазабалар сыйлайды деп ойлаймыз.
  6. (2012/02/09) http://onerpaz.kazjur.kz/ – “Өнерпаз”. Атыраулық көңілді тапқырлар клубының сайты. Астанада  VIII “Маусымашар” КВН фестиваліне қатысып жүрген өнерпаздарға сәттілік тілейміз.

Әлеуметтік желілерге хабарла

Жауап жазу

wordpress themes